Дәрі ішіп арықтамақ болған 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

15 0 0

Іш жүргізетін және несеп айдайтын дәрі ішкен Дарья Круглованың жүрегі тоқтап қалған

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Мәскеу маңында орналасқан Истра қаласында 18 жастағы бойжеткен несеп айдайтын және іш жүргізетін дәрілерді мөлшерден тыс ішемін деп көз жұмды. Бұл туралы Mash телеграм каналы хабарлады.

Бастапқыда бойжеткен артық салмақтан спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын сақтау арқылы арыламын деп ойлаған. Алайда белгісіз себептермен ол несеп айдайтын және іш жүргізетін дәрілерді мөлшерден тыс іше бастайды.

Ақырында 18 жастағы Дарья Круглованың жүрегі тоқтап қалады.