Данияр Елеусіновтің промоутері 2018 жылдың үздігі атанды

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 00:42 203

Данияр Елеусіновтің промоутері 2018 жылдың үздігі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен жұмыс істейтін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы WBA нұсқасы бойынша «жыл промоутері» сыйлығын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sport.kz сайтына сілтеме жасап.

«WBA өтіп бара жатқан жылда боксқа қосқан үлесі үшін Matchroom Boxing британдық компаниясын «жыл промоутері» деп атады. Эдди Хирн басқаратын компания биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастырып, спорт игілігі үшін өз-өзін кеңейтті», – деп жазылған Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) Тwitter-дегі ресми парақшасында.

Еске салайық, Matchroom Boxing қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен жұмыс істейді. Елеусінов соңғы айқасын биылғы 24 қарашада Монаконың Монте-Карло қаласында өткізді. Ол қарсыласы – никарагуалық Маркос Мохикуды үшінші раундты нокаутқа жіберді.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз