Данияр Елеусінов қолдаушыларына алғыс айтты

0

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Монте-Карлода өткен бокс кешінде никарагуалық Маркос Мохиканы (16-2-2, 12 КО) жеңді.

Сегіз раундқа есептелген орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Елеусінов үшінші раундта техникалық нокаутпен қарсыласын сұлатты.

Ол жекпе-жектен кейін Instagram парақшасында жанкүйерлері мен сынаушыларға арнап хабарлама жазды.

«Барлықтарыңызға раxмет! Қолдауларыңыз үшін! Сындарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!» — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов бүгін кәсіпқой бокстағы карьерасында үшінші рет жекпе-жекті ерте аяқтап отыр. Ол осыған дейін америкалық боксшы Ноа Кидданы (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, Мэтта Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта жеңген болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ