Дания Еспаева президенттікке кандидат ретінде тіркелді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дания Еспаеваны «Ақ жол» партиясы президенттікке кандидат ретінде ұсынды   

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Дания Еспаеваны президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбі күні Орталық сайлау комиссиясында Дания Мәдиқызы Еспаеваны Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулының жобасы қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Дания Еспаева «Ақ жол» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, оның құжаттары ОСК-ге 25 сәуірде тапсырылды. Кейіннен ол мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды.

Дания Еспаеваны қолдау мақсатында Қазақстанның 17 өңірінен 144 098 адамның қолы жиналды, оның 139 541-і есепке алынды.  

ОСК талабына сәйкес, кандидатты қолдауға кем дегенде 118 140 адамның қолын жинау керек. Осылайша, ОСК отырысының қорытындысы бойынша Еспаеваны президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.   



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз