Дана Нұржігіт: Бейсен Құранбектің анасы шыдамай, ұлының қырқына жетпей “ботамайлап” артынан кете барды

0

Дана Нұржігіт Бейсен Құранбектің анасының қазасы жайлы қаралы хабарды жеткізді. Тележүргізуші ғазиз ананы ұлының қазасында алғаш әрі соңғы рет көргенін еске алды.

«Өмір бойы ененің қабағына қарап, Бейсендей ұлына «балам» деп емірене алмай өткен ғазиз Ана.

Бейсен достың анасы бақилық болыпты, ағайын! Жаңа естіп жатырмын. Жүрекке жасалған кезекті отаны көтере алмай…

Ана-жүрек шыдамай ұлының қырқына жетпей «ботам-ау» деп баласының артынан кете барды… Алла алдыңыздан жарылқасын, апа! Бейсенмен қоштасқан күні Сізді алғашқы және соңғы рет көргенім екен… Бақұл болыңыз, алыпты туған асыл АНА!», — деп жазды Дана Нұржігіт.

Тележүргізуші марқұм ананы соңғы рет ұлының қазасында көргенін айтты.

Бейсеннің қонақасында дастархан басында ардагер журналист Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыз, «Бейсен әскерге кеткелі жатқанда сборный пунктқа ата-анасы ентігіп жеткен екен дейді. Сөйтсе,ата-әжесінің қолында өскен ұл жолдас балалармен құшақтасып қоштасып, ата-анасына қайырылмай, автобусқа отырып, кетіп те қалыпты» деп күліп айтып отырғанда Зияш апамыз әңгімемізді сырттан тыңдап күлімдеп «иә, солай болған» деп бас изеп тұрғаны әлі көз алдымда. Кібісенің кесірі деген осы ма екен, сірә», — деп жазды парақшасында.