Cпортшы құлап бара жатып, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бұл жекпе-жекті турнир ұйымдастырушылары үздік деп таныды. Керемет соққысымен есте қалған спортшы қосымша 3 мың долларға ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Имам-Шапи Мұхтаров Волгоград қаласында өткен турнирде ерекше соққы жасады.

Видео Twitter әлеуметтік желісінде жарияланды.

Мұхтаров октагонда украиналық Анатолий Сафроновпен кездескен болатын. Жекпе-жек көпке созылмады. Кездесудің 42-ші секундында спортшы құлап бара жатып, аяғымен қарсыласының жағынан теуіп үлгерді. Сафронов сұлап түсті.

Тағы оқыңыз: Нокаутқа түскен спортшы «жеңімпаз» болды – ерекше сәттің видеосы

РЕН ТВ телеарнасының хабарлауынша, бұл нокаут үшін спортшы қосымша 3 мың доллар алған. Мұхтаров кәсіпқой карьерасындағы бес жекпе-жектің бесеуінде де жеңіске жетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз