Covid-19: Бір күнде 258 ауырған және 620 тасымалдаушы адам тіркелді, 3 адам қайтыс болды

0

Қазақстанда өткен тәулікте 258 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

2020 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 620 тасымалдаушы тіркелді.

Коронавирус iндетiнен 3 ɵлiм жағдайы тiркелдi.

Шымкент қаласы — 1944 жылы дүниеге келген ер адам,
Батыс Қазақстан облысы — 1938 жылы туған ер адам.
Павлодар облысы — 1942 жылы туған əйел адам.

Қазақстан бойынша барлығы 73 адам қайтыс болды.