Чехия мен Ресей әуе қатынасы тамыз соңына дейін жалғасады

0

Чехия мен Ресей әуе қатынасы жаздың соңына дейін жалғасады. Бұл ақпаратты 4 шілдеде Чехияның көлік министрлігі хабарлады. Тамыз айының аяғында Прага мен Мәскеу әуе тасымалы бойынша әріптестікті жалғастыру жайлы келіссөз жүргізбек.

2 шілдеде Чехия билігі ресейлік «Аэрофлот», «Уральские авиалинии» және «Победа» әуекомпанияларынан ұшуға берген рұқсатын кері қайтарып алғаны белгілі болды. Ресей билігі Czech Airlines әуекомпаниясына транссібір бағыты бойынша Прагадан Сеулге ұшуына тыйым салғаннан кейін Чехия осындай қадамға барып отыр. Дәл сол күні екі тарап Чехия мен Ресей арасындағы әуе қатынасын 7 шілдеге дейін қайта қалпына келтіруге келіскен.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз