Былтыр өзбек мигранттары Өзбекстанға шамамен 108 млн доллар ақша аударған

0

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 2019 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 394 мың өзбек мигранты бар, олар былтыр алғашқы тоғыз айда ұлттық банктер арқылы Өзбекстанға 108 млн доллар ақша аударған.

– Қазақстанда компания, мекемелік ұйымдарда 19 мың шетел азаматы істейді, олардың 800-і – Өзбекстан азаматы. Бұған қоса, жеке тұлғалар жұмысқа жалдайтын шетел азаматтары бар. Олардың жұмысын толығымен ішкі істер министрлігі бақылайды. Олар рұқсатнама береді. Дактилоскопия жүргізеді. Салықтарын жинайды. Ішкі істер министрлігіінң мәліметі бойынша, былтыр жұмыс істеу бойынша 414 мың рұқсатнама берілген. 95 пайызы яғни, 394 мыңы – Өзбекстан азаматтарына берілді, – дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, өзбек азаматтары негізінен үй шаруашылығы оның ішінде, құрылыс, пәтер жөндеу, аспаздық жұмысқа тартылған. Былтыр қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында өзбек мигранттары ұлттық банктер арқылы Өзбекстанға 108 млн доллар ақша аударса, Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары осы уақыт арылығында 25 млн доллар аударған.

19 ақпанда мәжілісте Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі арасында «мигранттардың қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Министр заң жобасы талқыланған жиыннан кейін журналистерге осындай дерек айтты.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз