Бүтін бір ауыл браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшының отбасынан кешірім сұрады – Қазақстан жаңалықтары

0

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап.

Ерлан

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шүкілдіков, Ахметов және Ақшановтың туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштады. Сосын жиналған жұрт марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Қылмыскерлердің туыстары мен ауылдастары қорықшының отбасы кешірім берсе,  үш азаматтың «жазасы жеңілдей ме?» деп үміттенеді.

«Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау әділ шешім, дегенімен ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау тым ауыр», – дейді олар.

Сондықтан бүтін бір ауылдың халқы сотталғандарға басқа жаза тағайындауды сұрап отыр. 

«Күнде «әкешім» деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. Кінәлі емес демейміз, кінәлі. Бірақ кінәнің де өз шегі болады.Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз», – деді сотталған Қайрат Ақшанов жары Жанар Ақшанова.

Еске сала кетейік, табиғат қорықшысы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыкқа жасалған әрекетке қатысы бар браконьерлерге қатысты сот үкімі шыққаны туралы хабарланған.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз