Бүкіл залды орнынан тұрғызды: Димаш қытайлық жанкүйерлерін тағы да баурап алды – Қазақстан жаңалықтары

0

Димаш Құдайберген қытайлық Singer-2019 шоуының жартылай финалында қонақ ретінде өнер көрсетті. Танымал әнші осы жылдың қатысушылары Super Vocal триосымен бірге ән шырқап, қытайлық жанкүйерлерін тағы да баурап алды, деп жазады Stan.kz.

 

Димаш есімі бүкіл әлемге таныс. Қазақстаннан бөлек шетелдерде де танымал жұлдызға айналған отандасымызды бүгінде әлемнің барлық елінде қуана қарсы алады. Димаш есімі аталса әсіресе қытайлықтар қатты қуанатын болған. Ал кешегі Қытайда өткен Singer-2019 шоуында жүргізуші қазақстандық әншінің есімін атай салғанда,  залдағылар орындарынан атып тұрып, Димашты ду-қол шапалақтап қарсы алды.

Осы жылғы шоуда отандасымыз қонақ ретінде өнер көрсетті. Димаш жоба қатысушылары Super Vocal триосымен британдық Queen рок-группасының әнін бірге орындады. Жігіттер бэк-вокалмен және сүйемелдеумен ән шырқады.

Тыңдармандарды баурап алған квартет британдық рок-группаның ең танымал әндерін попурри етіп орындады.

Олар  әнді Love of my life лирикалық композициясынан бастап, аңызға айналған We will rock you әнін де орындады. Ал соңын осы әндер секілді танымал болған We are the champions әнімен аяқтады.


 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз