Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды

0

Бүгін Алматыда саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсайдағы зират басына гүл шоқтары қойылып, әруағына құран бағышталды. Құран бағыштауға Алтынбек Сәрсенбайұлының үлкен ағасы, журналист Рысбек Сәрсенбай, «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Жәкей, Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін атағымен марапатталған Махмұт Құлментегі және марқұмның туыстары мен өзге де қоғам өкілдерін қосқанда он шақты адам жиналды.

Заманбек Нұрқаділов

Ғабиден Жәкейдің Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне айтуынша, замандастары Зәкеңді 1 минуттай үнсіздікпен еске алып, саясаткердің істері туралы естеліктерімен бөлісіп, сағынышпен еске алды.

Заманбек Нұрқаділов

Заманбексіз өткен 13 жыл (видео)

«20 000 отбасыға жер телімін тегін үлестіріп, заңдастырып берген»

Айта кетейік, бүгін Заманбек Нұрқаділовтің дүниеден озған күні.  Дәл осы күні 13 жыл бұрын, яғни 2005 жылы жұмбақ жағдайда көз жұмған саясаткер, қоғам қайраткері Нұрқаділов қазақтың жүрегінен өшпестей орын алып, арда азамат болып мәңгілік есте қалды.

«Қамшы» сілтейді