Будапеште қазақстандық әйел коронавируспен ауруханаға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Венгриядағы қазақстандық әйелге коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшілігіне біздің азаматтардың біреуі Будапешттегі ауруханалардың бірінде коронавирусқа күдікпен ауруханаға жатқызылды деген хабарлама келді.

Сынақтың нәтижелері бойынша тест оң болды. Қазір оның жағдайы тұрақты, ауруханада емделуде. Біздің дипломаттарымыз бұл мәселені ерекше бақылауға алды», — деді ҚР СІМ.

Abouthungary.hu сайтының хабарлауынша, Венгрияда коронавирусты жұқтырғандар саны 50-ге жетті.

Венгрияның премьер-министрі 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты ел өз шекараларын жабатындығын мәлімдеді. Елге оның азаматтары ғана кіре алады.

 

 

stan.kz