БҚО-да жеңіл көлік жылқыларды соғып кетті

0
20 Қараша 2018, 13:53 190 0
Орал

Фото: Әлеуметтік желіден

БҚО, BAQ.KZ. Өткен түнде Батыс Қазақстан облысында «Подстепный-Елек» автожолы бойында Volkswagen Sharan көлігі жылқыларды соғып кетті.

«Оқыс оқиға салдарынан алты жылқы жараланып, тағы бірнеше жылқы өлген. Абырой болғанда, көлікте болған жүргізуші мен екі жолаушы аман» — делінген БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарламасында.

Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, жылқылар жол бойына кенет шыға келгендіктен, 43 жастағы жүргізуші көлікті дер кезінде тоқтатып үлгермеген.

БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарлауынша, түнгі мезгілде жылқыларын жол бойына қараусыз жіберген мал иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Жол бойында жайрап жатқан жылқылардың суреттері мен бейнежазбалар әлеуметтік желілерге таралып кетті.

Фотолар: Әлеуметтік желіден алынды














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ