БҚО-да полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары 100 000 теңге көлеміндегі параны алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті.

«18-қарашада қылмыстық істі қысқарту үшін 100 000 теңге сомасындағы параны алу кезінде Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды. Кінәсін толық мойындауына байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес күдіктіні ұстау қолданылмады», – деді ресми өкіл.

Аталған факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз