БҚО-да әкімнің құдасы оның жұбайымен бірге суға батып өлгені туралы жалған хабар таратқан – Қазақстан жаңалықтары

0

БҚО-ның Ақжайық ауданының Базартөбе аулының әкімі өзінің қайтыс болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

БҚО-да әкімнің құдасы оның жұбайымен бірге суға батып өлгені туралы жалған хабар таратқан

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

17 сәуірде мессенджерлерде әкімнің өлімі туралы аудиохабарлама тараған еі. Онда Базартөбе аулының басшысы Боранбай Қыдырғожиннің жұбайы және немересімен бірге көлігімен суға батып көз жұмғаны айтылған. 

Сонымен қатар хабарлама авторы өз сөзінің дәлелі ретінде батып бара жатқан көліктің суретін жариялапты. Ол көлік шынымен де әкімге тиесілі екен.

Ал Базартөбе аулының әкімі өзінің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарып, аман-есен екенін айтты. Оның сөзінше, аудиохабарламаның авторы анықталған. Жалған хабарламаны таратқан өзінің атыраулық құдасы болып шығыпты. Құдасының неліктен мұндай ақпарат таратқаны белгісіз. 

«Ол кезде жұбайым жұмыста болған. Ал немерем мүлде жоқ. Көлігімді паромда қалдырып, қол тежегішін қойып кеткенмін. Алайда ол тежеп тұра алмай, көлігім суға құлап кетіпті. Су терең емес. Артынша көлікті трактормен шығарып алдық. Қазір майын ауыстырып жатырмыз. Бәрі жақсы», – дейді Боранбай Қыдырғожин.

Әкімнің сөзінше, ендігі туыстары құдасын кешіруін және арадағы түсінбестікті бейбіт жолмен шешуін сұрап отыр екен.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз