Бозымбаевтың қызметінен не үшін кеткені белгілі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қанат Бозымбаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсіміне мойнына медициналық бекіткіш тағып келген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Қанат Бозымбаевтың не үшін қызметінен кеткенін айтты. 


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Қанат Бозымбаев денсаулығына байланысты министр қызметінен кетуге мәжбүр болды

«Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің денсаулығы мен жуырда жасалған операция туралы айтты. Дәрігерлер көлікпен аз жүруге кеңес берген. Ұшақпен ұшуды азайтып, қалпына келу курсынан өту керектігін ескертті», — деп жазды Жеңісбек Telegram-да.

Министрдің өңірлерге жиі барып, салалық нысандар, стансалар мен кен орындарын аралайтыны белгілі. Сондай-ақ, бұл қызмет шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді талап етеді.

Энергетика министрі қызметіне байланысты Бозымбаевқа ескерту жасалмаған.

Ол президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.



sputniknews.kz