Болат Бақауовтың ұсталғаны рас па

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың шілдесінде өкілеттігі ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар — Sputnik. WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабар тарап жатыр. 

Аудиода әкімнің бүгін, 15 қаңтар күні ұсталғаны айтылған.

«БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз», — делінген Павлодар облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында. 

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың шілдесінде өкілеттігі ұзартылды

Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодардағы қайырымдылық балында өткен аукционда облыс әкімі Болат Бақауовтың портреті сатылғаны туралы видео тараған болаты. 

Аймақ басшысы бейнеленген картина 31 миллион теңгеге (шамамен 82 мың доллар) сатылды. Ролик кадрларынан картинаны сатып алған азаматты – жергілікті кәсіпкер Гнел Акопянды да көруге болады.



sputniknews.kz