Боксшы Нұрсұлтанов АҚШ-та жеңіске жетті

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Бокс кешінің басты кездесуі – Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалевтің жекпе-жегі

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті. Оның мексикалық қарсыласы Кристиан Оливас отандасымыздан ұпай бойынша жеңілді.

Олар WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы АҚШ чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасты. Белбеуді кәсіби бокста 13-ші рет жеңіске жеткен Нұрсұлтанов алды. Ал Оливас үшін бұл спорттық карьерасындағы алтыншы жеңіліс. Бұған дейін ол тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген болатын.

Бокс кеші Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында өтіп жатыр. Кештің басты кездесуі Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалевтің жекпе-жегі болмақ.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз