«Блок-бекетті күзеткен полицейлер емес, кабинетінде отырғандар үстемақы алған»: Алматы облыстық ПД басшысы пікірі білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Еңбекшіқазақ ауданындағы полицейлер блок-бекеттегі кезекшілігі үшін үстемақы алмауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок

«Неліктен президент тапсырмасына қарамастан Еңбекшіқазақ ауданында төтенше жағдай кезінде блок-бекетті күзеткен 10 полиция қызметкеріне ақша төленбеген? Ең қызығы, үстемақыға блок-бекетте болғандар емес, өз кабинеттерінде отырғандар иеленіпті», — деп сұрақ қойыпты Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық кеңес мүшесі Серік Күдебаевқа.  

Өз кезегінде Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесінің бастығы Серік Күдебаевқа полицейлердің барлығы 100% сыйақыға ие болғанын айтып ақталыпты. Сондай-ақ ол бұл жағдай бойынша тексеріс жүргізілетін қосты. 

«Біз барлық қызметкерлерге ақша төледік. Егер үстемақыға ие бола алмай қалған полицейлердің тізімі болса, біз мәселенің түп-төркінін анықтайтын боламыз», — деді Күдебаев. 

 

stan.kz