Бизнесте жетістікке жеткен әйелдер мен аналар оқиғасы — Қазақстан жаңалықтары

0

Кәсіпте жетістікке жетудің құпиясын әркім әртүрлі топшылайды. Ал әйелдер қауымының кәсіппен айналысу мен оны дамытуда өзіндік әдісі бар ма, бизнеске нәзік жандылардың көзқарасы қандай?

ВТБ Банкімен бірлесе отырып, қымбатты оқырмандарымызбен өз істерін дөңгелетіп жүрген арулардың, кәсіпкер әйелдердің бизнесті дамытудағы құпиялары мен оқиғаларымен бөліспекпіз.

Бейбіткүл Бизақовна, қазіргі уақытта алматылық танымал «Grand Opera» және “Vivaldi” қонақүй-мейрамхана кешендерінің негізін қалаушы. Тәжірибелі кәсіпкердің айуынша, жұбайы екеуі бизнестің түр-түрімен айналысып көрген. Қонақ күтуді ерекше ұнатқандықтан қонақүй және мейрамхана бизнесімен айналысуға бел буған.

— Қонақүй-мейрамхана бизнесіне дейін жұбайым екеуіміз кәсіптің түр-түрімен айналыстық: ет те саттық, азық-түлік дүкен, жиһаз цехі де болды, былғарыдан жасалған заттар да саттық. Нарықтағы дұрыс бағытты, соның ішінде бізді жетістікке жеткізетінін іздестірдік. Осы кезде мынадай идея пайда болды: қонақ күтіп, шақырғанды ұнатқандықтан неге мейрамхана бизнесімен айналыспасқа деп ойладық. Қазақ ежелден қонақжай халық. Жұбайым “Қырықтың бірі Қыдыр” деген сөзді аузынан тастамайтын. Қонақ күту жағынан дес бермейтінбіз, оларды әрдайым риза етіп жіберуге тырысатынбыз. Осылайша, мейрамхана бизнесін ашу жайлы ойладық. Бізге қазақтың ұлттық мәдениеті әсер етті деуге болады.

2003 жылы «Grand Opera», ал 2006 жылы “Vivaldi” қонақүй және мейрамхана кешендерін аштық. Қазіргі уақытта «Grand Opera»-ға ребрендинг жасағалы отырмыз. Наурыздың соңында толықтай бітіреміз деген ойдамыз, оқырмандарымызды кешеннің ашылуына, оның жаңаша қалпымен танысуға шақырамыз.

Әрине, әр кәсіптің өзінің қиындықтары болады. Қонақүй-мейрамхана бизнесімен айналысатындар ескеруі тиіс жайттар бар. Мұндай кәсіптегі маңызды мәселе — орналасқан жердің ұтымды таңдалуы. Кез келген кешеннің орналасқан орны — табыстың кепілі. Тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, біз таңдауды сәтті жасадық. Әу бастан жалға алуға тіркелмеген ғимараттарды іздестірдік. Осы мақсатта қонақтар мен қызметкерлердің ыңғайы үшін барлығын бастан-аяқ өзіміз салдық. Біз үшін бұл өте маңызды болды, — дейді кәсіпкер әйел.

Бейбіткүл ханымның айтуынша, кәсіпті қаржыландыруға Банк қолдау көрсеткен, сондай-ақ, өз жиған қаражаттарын да жұмсаған.

— Соңғы 3-4 жылда біз ВТБ Банкімен серіктестік қарым-қатынастамыз. Бұған дейін де басқа банктермен жұмыс істедік, алйда көңіліміз толмайтын. ВТБ Банк осы уақыт аралығында өзін сенімді серіктес ретінде көрсетті, олардың жұмыс істеу деңгейінен, сапасынан ләззат аласың. Банктен кешшенімізді дамыту мақсатында несие алдық. Жұмыс барысында әр нәрсені өзгерту, қайта салу керек болады. Осындай жобалардың бірі үшін бізге қосымша қаржыландыру қажет болды, оған бізге ВТБ Банкі орасан көмек көрсетті. Сондай-ақ, корпоративтік бизнес бөліміндегі, бізбен бірге жұмыс істеген барлық мамандарға, әсіресе Алматы филиалы директорының орынбасары Диас Абетовқа алғысымды білдіремін.

Жалпы Банк тарапынан қаржылай көмек алуды тиімді деп есептеймін. Егер сіздің кәсібіңіз жұмыс істеп тұрған болса және сізге оны ары қарай дамытуға қаражат жетіспей жатқан жағдайда несие алу — ең тиімді жол. Әрине, “жеті рет өлшеп, бір рет кес демекші”, несие аларда барлығын егжей-тегжейлі қарастыру керек. Тәуекелге баратын кездер болады. Мысалы, мен тәуекелге бармаған болсам, қазір осындай оқиғаммен бөлісіп отырмайтын едім.

Бүгінгі таңда «Vivaldi” мен «Grand Opera» Алматы қаласында сұранысқа ие кешендерге айналып отыр. Алдағы уақытта қызметімізді одан ары дамытып, келуші қонақтарымызға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін барымызды салатын боламыз!

Кәсіп ашып, сол арқылы жетістікке жеткісі келетіндерге айтарым, тәуекелге баруға қорықпаңызар! Қаржылай қолдаудың жоқ екеніне байланысты сенімсіздік танытсаңыз, сапалы қызмет көрсете алатын жақсы Банк таңдап, осы мәселеге байыппен қарауға кеңес беремін, — дейді Бейбіткүл Бизақовна.

Материалымыздың екінші кейіпкері  Шынар, Қазақстандағы “Vivien” дүкендер желісінің негізін қалаушы. Айналысатын кәсібі бала кездегі арманымен ұштасып, оған қуаныш сыйлайды.

— Бала кезде қиялымызды ұшқындатып, қол жетпес армандар жетегінде жүретінбіз. Әрине, барлығы уақыт еншісінде, ең алғашқы арамным — дизайнер болу еді, ес білгелі сурет салумен айналысып, қуыршақтарға көйлек тігетінмін. Арманым орындалды ма? Айналысатын кәсібім бала кездегі арманыммен ұштасып, маған қуаныш сыйлайды.

— Жеке кәсібімнің бір арнаға үйлескеніне екі жылдай болды, алғашқы идея университет қабырғасында пайда болды. Негізгі мамандығым халықаралық қатынастар мен саясатқа байланысты, бірақ магистратура аяқталғаннан кейін, болашақ мамандығым маған тек ақша емес, қуаныш әкелуін қаладым. Кемесіне мініп кеткен уақыт дүниенің бар байлығын берсең де, кері қайтпайды, өз энергиямды бұрыс арнаға жұмсағым келмеді.

Бастапқы кезеңде қолдаушылардың қажеттілігі болған жоқ, себебі әйелдерге арналған киім дүкені онлайн форматта жұмыс істей бастады. Клиенттік база ұлғайып,  дүкен ашу қажеттілігі туындады, әрине, оңай болған жоқ, себебі көп қиындықтар: дүкен жалдау, тауар, жиһаз бен ремонт шығындарын есепке алсақ, демеушінің көмегі қажет болды. Тобымыздың әрбір мүшесінің өз атқаратын қызмері бар.  Жұмыс процесі, тәртібі қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Күнделікті сағат 11:00-ден 21:00-ге үзіліссіз қызмет етеміз. Жұмыс тәртібіне образдар дайындау, фото-видео түсіру, ғаламтор желісінде клиенттермен жұмыс істеу, мерчендайзинг, жаңа топтамаларға тапсырыс беру кіреді.

— Ең алдымен, “Vivien” дүкендер желісі сапа мен бағаның өзара сай болу үйлесімінен туындайды. Біздің басты принцип — танымал брендтердің көшірмесін сатпау, көбінесе, аксессуарлар мен киім топтамалары Кореяның танымал емес брендтарынан жиылады. Сән индустриясы үнемі өзгерісте болады, сол себепті күнделікті өмірде қажет классикалық және «casual» образдар уақыт еншісіне байланысты модификацияға ұшырайды, дегенмен базалық сипаты бір қалыпта болады. Біздің артықшылығымыз —  базалық образдарды заманауи трендке сай үйлестіру. Болашақта жаңа концепцияны ойластырып, танымал брендке айналу жоспарымызда бар, — дейді Шынар.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, жетістікке жетудің құпиясы — таланттың емес, еңбек жетелеуінде жатыр.

Тағы бір кейіпкеріміз — Айымгүл, үйге келген қонақтарын ерекше сый-сыйапатпен күтетін әйел осы арқылы табыс табудың өзгеше жолын тапқан.

— Балалар дүниеге келгенде біздің өмірімізде сыйлық алу, беру көбейе түсті. Әрбір салтанатты кеште, мерейтойда достарымыз бен жақындарымызды қуантуға тырысамыз. Қонақтардың үйлеріне құр қол кетпеуі маңызды болатын. Осы кезде  «Кешті бізбен бірге өткізгеніңізге рақмет» деген жазуы бар кішкене қорапшаларды жасап шығару жайлы ойландым, қолымнан келетін сияқты болды. Бастапқыда қораптарды тәттілермен, естелік сыйлармен толтыратынбыз.

Осылайша, “BeezyFam” атауымен жобамыз пайда болады. Қысқаша айтқанда, «заманауи тойбастар» жасаймын деп айтамын. Адамдар нағыз талант декреттік демалыс кезінде ашылады деп бекер айтпайды. Былайша айтқанда, бала кезден ішімде жүрген талантым ашылды деуге болады. Технология сабағында қолдан жасалатын заттар болсын, күзгі бал сияқты шараларға арналған плакаттар салу – бұл менің хоббиім болды. Осылайша хобби сұраныс артқан соң кәсіпке айналды. Бізге ұқсас жобалардан айырмашылығымыз — барлығын өз қолымызбен жасауымыз. Тәттілерден бастап, жеке адамға сыйлыққа арналған сабынды да өзіміз қайнатамыз.

— Біздің жоба “Beezy Fam” деп аталады. Fam деген Family-дің қысқартылғандағысы. Бұл жобада отбасы маңызды орында болды. Жұбайым мені қолдап, қолпаштап отырады. Брендті киімдерді тіге алмаса да, қолдау жағынан үлкен көмек көрсетеді. Оның ұқыптылығы мен байқампаздығы менің шығармашылығымды  толықтырып отырады, яғни біз бір-бірімізді толықтыра түсеміз.

Мен барлық кәсіпкер әйелдерді қолдаймын. Сондай-ақ, әйел бұл істе ер адамнан қалыс қалмайды деп есептеймін. Жоба табыс әкелуі үшін оны жақсылап жарнамалау керек. Біз осы жолда жұмыс істейтін боламыз. Әрине, қазақтың тойлары жиі өтетін уақытқа тәуелді екенімізді түсінем. Дәл той уақытында тапсырыс жиі түседі.

Біз қадам қадаммен дамып келе жатырмыз. Азын-аулақ ақшамызды салып, айналым жасап капитал жинауға болады. Өз ісіңде атақ пен ақша қуалап кетпеу керек, ең бастысы өз кәсіпке деген махаббат, жан дүниеңмен беріліп істеу.

Табысты кәсіпкерлер бір-біріне ұқсайды: оларды еңбекқорлық, табандылық және жетістікке деген ұмтылыс сынды қасиеттер біріктіреді. Сондықтан, ең алдымен, қалай табысты кәсіпкер болуға болады деген сұрақ туындағанда, бойыңызда осы қасиеттер бар ма және табысқа жету жолында құрбандыққа баруға дайынсыз ба соны анықтаңыз. Ал ең бастысы, осы жолда сізге сенімді серіктес болатын Банк таңдаудан қателеспеңіз.

stan.kz