«Біздің спортшылар этикасы қандай деңгейде жатыр?»: Қуат Хамиттің жанкүйерлері ЛГБТ белсендісін зорлаймыз деп қоқан-лоқы көрсетуде – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық ЛГБТ белсенділері мен ММА күрескері Қуат Хамитовтың арасында шу өрбіді. Осы орайда Stan.kz редакциясы ЛГБТ қоғамдастығын қорғаумен айналысатын Kok.team сайтының редакторы Данияр Сәбитовпен сұхбаттасты. Белсенді аталған жағдайға қатысты позициясын және қазақ қоғамы не себепті ЛГБТ-дан қорқатыны жайлы өз ойын айтты.

Данияр Сәбитовтың айтуынша, Қуат Хамитовтың ЛГБТ өкілдерінен кешірім сұрауы мәселені түбегейлі шешпесе де, кей адамдардың өмірін сақтап қалуға сеп болар еді. 

— Сіздің ойыңызша, біздің қоғам ЛГБТ-ға не себепті соншалықты шүйлігеді және қорқады?

— ЛГБТ адамдарына, бізге деген адамдардың жеккөрініші дін немесе халықтың дәстүріне байланысты деп көпшілігі ойлайды, алайда бұл сталиндік ГУЛАГ жүйесіне қатысты. Осы жүйе бойынша гомосексуалдар бұл иерархиядан «адамдар» категориясынан шығарылып, қол тигізбестей болған. Лагерлерден шыққан адамдар қоғамға түрме этикасын, түсініктерін өздерімен бірге ала келген. Қаншама жылдар өтсе де, бұл мәдениет бізбен бірге жасасып келеді. Түрмеде мүлде отырып көрмеген мыңдаған қазақстандық абақтыда отырғандай өмір сүреді, мұны олардың ЛГБТ-ға қарым-қатынасынан ғана емес, заңдылық негізінде емес, түсінік бойынша өмір сүретіндіктерінен байқауға болады. 

— Қуат Хамитовтың «бұл адамдар иттерден жаман» деген пікірін ЛГТБ қауымдастық өкілдері қалай қабылдады?

— Мұндай ақылға қонымсыз пікірлер пен қорлық сөздер ЛГБТ өкілдерінің ашуын туғызбайды, себебі мұндайды бала кезден естіп келеміз. Бірақ спортшының фанаттары белсенді Нұрбибіге жасаған буллинг наразылық толқынын тудырды. Өзіңіз ойлап көріңіз, оған ел көзінше, жекеге шығып қорқытып, зорлап кететіндеріне айтып уәде беріп жатыр. Міне, біздің қазақстандық спортшылар мен олардың фанаттарының спорттық рухы мен этикасы қандай деңгейде жатыр?

— Білуімше, сіздер тиісті мекемелерге хабарласып, Хамитовтың гомофобты көзқарасына қатысты жазалануын сұрадыңыздар. Осы уақыт аралығында бұл тұрғыдағы мәселе шешіле алды ма? 

— Біздің редакцияда МАА спортын ажыратып, оны түсіне бермейміз. Сондықтан ең алдымен біркелкі ұйым болады деп ойладық. Осы орайда халықаралық ММА федерациясына, оның қазақстандық ұлттық бөліміне шықтық. Кейін белгілі болғандай, Хамитов спорттық қызығушылық (әуесқой спорт) үшін емес, ақша үшін (кәсіби спорт) өнер көрсететінін анықтадық. Дегенмен біз үшін маңызды болған жауаптарды алдық. Халықаралық федерация гомофобияға қатысты «нөлдік төзімділік» қағидасын ұстанып жүргендерін хабалаған. Сондай-ақ, қазақстандық IMAAF бөлімі де кез-келген белгі бойынша дискриминация болмауы тиіс екенін жазды. 

Тағы бір маңызды нәрсе, Қуат Хамитов бірнеше рет UFC аясында өнер көрсетуге тырысып жүргенін мәлімдеген, бұл біз білетіндей, бұл ММА бойынша беделді халықаралық жарыс. Егер оның спроттық мансабы әлі де жалғасып, сонда қатысатынын елестетін болсақ, ЛГБТ-дан халық алдында кешірім сұрамайынша, ол жерде өнер көрсете алмайды. 

2020 жылы сіз тек қазақстандық гомофобтық патриархалды әлемнің ішінде қана гомофоб болып қала бере аласыз, ал беделді бір жерге шығам дегенде, сол жақтың алдыңғы шептегі гуманистік көзқарастарымен санасуыңыз керек болады. Бұл біздің жалпы елімізге де қатысты. Өзіміздің дәстүрлі патриархалды гомофобия әлемімізде жүре беруімізге болады, алайда халықаралық қоғамдастықтар бізді теңдей дәрежеде көрсін десек, өзгеруіміз керек.

— Егер Қуат Хамитов кешіріп сұраса, бұл арадағы түсініспешіліктің қалыпқа келуіне әсер етер ме еді? Нұрбибі Нұрқаділова споршының титулы, атағын тартып алу керек деген ой тастады. Сіздер бұған қалай қарайсыздар?

— Біздіңше, оның кешірім сұрауы жеткілікті болар еді. Атақ, мәртебесіне, шын мәнінде, ол гомофобия арқылы емес, қан-терімен жетті. Ал енді кешірім сұрауға келсек… Қуат өз сөзінің бәз біреулердің өмірін құтқаруы, сақтап қалуы мүмкін екенін тіпті елестете де алмайды. Оның фанаттарының бірі Дәулет Боранбаев  «Сіздің балаңыз гей болса не істер едіңіз?» деген пікірге былай деп жауап беріпті: «Өз ұлымды өлтіре саламын». Сондай-ақ, ол ұлын қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындай қалай өлтіруге болатынын жазады. Қуаттың кешірім сұрауы осындай ойлардың өзгеруіне әкелуі мүмкін. Ал егер ол кешірім сұрамаса, Қуаттың қолында оның қарсыластарының ғана емес, өлтірілген балалардың қаны қалады. 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз