Біздің бала-шағамыз жоқ па? Қарақат Әбілдина 42 500 теңге алғаны үшін әншілерді айыптағандарға жауап берді

0

42500 теңге қарапайым халыққа ғана емес, өнер адамдарының қажеттілігіне жараған секілді. Алайда көпшілік жәрдемақыға ортақтасқан әншілерді даттады. Бұған Қарақат Әбілдина жауап берді.

Онлайн білім деп бір опық жедік, шын қиындық келгенде, медицина саласы да сыр берді. Бұл мәселелерді жетеріне жеткізіп, айтып, жазып жатқандар көп.
Дәл осылай қоғам өз ойын білдіретін болса, кез келген мәселені шешуге болады. Соңғы күндері көкжиектен күн сәулесі аздап көрінгендей,дерттің беті сәл де болса қайтқандай. Алла жар болсын!

Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, жұрт жаппай Аймағанбетовті жақтап жатыр.Иә,министр ретінде атқарған шаруасы аз емес. Ең бастысы, ‘Әліппе,мен ,ана тілін, қайтарды! Бұл түсінген адамға қазақтың болашағы үшін жасалған үлкен жақсылық.Өйткені ана тілін бойына сіңіріп өспеген ұрпақтан ұлтжанды азамат шықпайды. Ол анық. Ал әліппе мен ана тілі — ұлттық болмыстың өзегі, күретамыры.Соңғы уақытта көңілімізді сәл де болса жадыратқан жаңалық осы болды», — деді Қарақат ханым.

Әншінің айтуынша, әншілерді негізгіз айыптауды доғару керек. Себебі өнер адамдары керек кезде көмек көрсетуден жалтармайды.

«Бірақ көңілге кірбің түсірер негізсіз ақпараттар да аз емес. Бәрін қойып, енді әншілер неге 42 500 ге ортақтасады деп шулаған сайттарды көзім шалды. Бұл әншілер отырса опақ, тұрса сопақ болды. Әншінің де отбасы, бала-шағасы бар емес пе? Міне, 5 айдан асты жұмыссыз үйде отырған әріптестерімнің мүлдем табыссыз қалғаны рас.

Оларға неге беріледі деп табалау, әділетсіздік емес пе? Оның үстіне, Қазақстанның азаматы ретінде заң барлығына ортақ… Атымызды жамылып осындай қиын уақытта сыртымыздан түрлі алаяқтық жолмен халықты алдап жарыса ақша жасап жатқандар анау. Қалай құдайдан қорықпайды екен? Осы парақшада өз ауызыммен айтылмаған жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Сондайлардың кесірінен көзге сүйелдей көрініп қалатынымыз өкінішті», — деді Қарақат.

Әбілдина қиын-қыстау заманда өнер адамдары жұмыла көмекке келіп, қолында барын бергеннен қашқан емес дегенді айтты. Солай бола тұра жақсылықты жоюға болмайды. Алланың несібесі әншілер үшін азайып қалмайды дейді.

«Қалай болғанда да, қай кездеде ел басына күн туғанда өнер адамдары сырт қалған емес. Бүгінгідей қиын кезеңде де бірігіп,қаражат жинап, елге қол ұшын созған тағы да осы өнер адамдары екенін әлеуметтік желі арқылы-ақ көріп,біліп отырсыздар. ‘Адамға ауызды берген Алла, нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды’ деген. Заманымыз тарылса да, ниетіміз тарылмасын! Ең бастысы, ел іргесі тыныш болсын дейік.Амандық болсын. Ал Алланың беретін несібесі карантинге байланысты емес», — деді әнші.

stan.kz