«Біз де бірдеңе ішіп-жеуіміз керек шығар»: Шымкент әкімдігінің алында тойхана басшылары мен қызметкерлері шу шығарды – Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте тойхана басшылығы мен қызметкерлері әкімдік алдына жиналып, шу шығарды. Олар «тойханалар ашылсын» деп талап қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

тойхана

«Карантин тым созылып кетті», деп әкімдік алдына жиналғандардың ұраны бір.

Талабын айта келгендер арасында кәсіпкерлер ғана емес. Асаба мен аспаздар және әншілер мен бишілер бар.

«Екі жарым айға созылған қамау табысымыздан айырды», – дейді жиналған жұрт.

«Бәрі тойханамен байланысты ғой… Тамадаң да, әншің де, видео камералар да..қанша жұмыстағы қыздарымыз жылайды, кредиттері бар бәрінің. Бізге тым болмағанда 100-150 адамға дейін тойхананы ашып берсе, кішкене жұмыс жүрсе, қарапайым халық жұмысын істеп, бала-шағасын бақса дейміз», – деді тойхана әкімшісі Шәрипа Нұрбекова.

Ал тойханада аспаз болып істейтін Сандуғаш Темірбаеваның айтуынша, онымен бірге үш жүздей адам жұмыс істейді.

«Біздің тойханада үш жүздей адам істейді официанттарымен қосқанда. Небір студенттеріміз жүр, квартирада тұрады. Мен повор боп жұмыс істеймін. Енді ашылсын деймін. Күнімізді көруіміз керек шығар, біз де бірдеңе ішіп-жеуіміз керек шығар. Жоқ біз саусағымызды сорып өмір сүрмейтін шығармыз», – деді ол.

Шымкентте бүгіннен бастап кейбір мейрамханалар мен дәмханалар жұмысын бастады. Алайда, 50 адамға дейін деген шектеу бар. Рұқсат етілген мекемелер тізіміне тойханалар кірмей қалыпты. Жергілікті рестораторлар осыған наразы. «Тым құрғанда жүз адамдық тойға рұқсат берілсін», дейді тойхана иелері. 

«Күнделікті жұқтыруы 7 пайыздан аспайтын жағдай боп тұрақтанса кішкене жағдай ондай тойханаларға да болашақта рұқсат беріледі. Бірақ әлі жағдай  тұрақтанбай жатыр. Тойханаладың иелері әзірше тоймен емес, кафе-ресторан ретінде жұмыс істеуге құқығы бар толық», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов.

Оңтүстік өңірде той жылына төрт мезгіл үзіліссіз жүреді. Тойханаларға тапсырыс бірнеше ай бұрын беріледі. Рұқсат берілмесе күзгі тойлар, талай рестораторды тығырыққа тірейтін сияқты.

«Реализацияға 3 миллионға товар алғам. Ол кредит емес. Ол күтпейді сіздер сияқты, бөліп төлеу керек.  Бұл кісілерге жеңілдік бердіңіздер, бізге ше?.. Біз не істейміз?..Біздің арендамыз бар, осы айдың 15-не төлеңдер деп тұр. Басымызда 200 мың арендамыз  бар. Оны қалай төлейміз?..», – деді жеке кәсіпкер Марал Жұмакелді.

Жергілікті атқару органдары «аренда мәселесін шешіп береміз», деп отыр.

Әкімдіктегілер тойханаларды арыз-талабын осы аптада қарастырмақ. Арнайы құрылатын штаб отырысы алдағы сәрсенбіге белгіленді. Тойханалардың талабы қабылданатын болса, онда шымкенттіктер күндізгі үштен, кешкі тоғызға той өткізе алуы мүмкін.
 

 

 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз