Биыл Байқоңырдан қанша зымыран ұшырылды

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 17:06 320

Биыл Байқоңырдан қанша зымыран ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат — Роскосмос 21 желтоқсан күні Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіндегі «Благовест» спутнигі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын сәтті ұшырып, Байқоңырдағы 2018 жылға жоспарланған ұшыру бағдарламасын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистикаға сәйкес, ғарыш айлағынан биыл әуе кемелері 9 рет ұшырылған. Оның ішінде ақау салдарынан Халықаралық ғарыш стансасына экипажды жеткізе алмаған «Союз МС-10» көліктік басқарылатын кемесі (КБК) де бар.

Нәтижесінде, 2018 жылы Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша алты рет сәтті ұшырылым жасалды — үш «Союз — МС» КБК және үш «Прогресс МС» көліктік жүк кемесі. Сондай-ақ, «Протон-М» екі зымыран-тасығышы ұшырылды.

Үстіміздегі жылы ғарыш айлағынан барлығы 17 ұшырылым жасау жоспарланған болатын. Бірақ «Союз 2» және «Протон-М» сериясындағы зымыран-тасығыштарының алдын ала белгіленген ұшырылымдары орындалмады.

Алдағы жылы Роскосмос Байқоңырдан 19 ұшырылым жасауды жоспарлап отыр.

Биыл Байқоңырдан қанша зымыран ұшырылды 

Авторы Сара Қабиқызы

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz