Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа басшы келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Жанат Құрманов «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Жанат Құрманов

Фото: kapital.kz

Қордың директорлар кеңесінің шешімі 29 наурызда қабылданды. Нұрбибі Наурызбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Жанат Құрманов бұрын ҚР Ұлттық банкі Ттрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1985 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылы Экономика, менеджмент және құқық институтын Мәскеуде экономика мамандығы бойынша (банк саласында мамандандыру) тәмамдады. 2017 жылы Оксфорд университетін бизнес мектебінде дипломмен бітірді.

Жанат Құрманов еңбек жолын 1985 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында инженер ретінде бастады. 1988-1996 жылдар аралығында Біріккен ядролық зерттеулер институтында (Дубна қ., Ресей Федерациясы) жұмыс істеді. 1994 және 1995 жылдары — Пенсильвания Университетінде (АҚШ). 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

1996 жылдан бері Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істейді. 1996 жылдың желтоқсанынан 1999 жылдың желтоқсан айына дейін қаржы менеджері, қаржы жөніндегі вице-президент, AOZT KBS жобасының менеджері болды.

1999 жылдың желтоқсан айынан бастап 2002 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыруды қадағалау және банктік және сақтандыруды бақылау департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2002 жылдың тамыз айынан бастап 2007 жылдың ақпанына дейін «БЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, бас директорының орынбасары болды.

2007 жылдан бастап 2016 жылдың қаңтарына дейін банктік және сақтандыру секторындағы бағалы қағаздар нарығында бірқатар қаржылық және инфрақұрылымдық ұйымдардың директорлар кеңесінің мүшесі бдиректорлар кеңесінің төрағасы болды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау департаментін басқарды.

2017 жылғы 13 қыркүйекте Жанат Құрманов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz