Біртанов карантин кезінде қазақстандықтарды митингке шықпай қоя тұруға шақырды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды карантин кезінде митингке шықпай қою тұруға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

митинг

Сөзінше, егер адамдар бір жерге жаппай жиналатын болса, инфекция лезде тарап, індеттің өршіп кетуі ғажап емес. 

«Карантин уақытында қоғамдық іс-шараларға тыйым салынады. Бұл халық үшін қауіпті. Талаптарға бағынуымыз керек. Пандемия, эпидемия кезінде еліміздің бас санитар дәрігерінің айтқанын істеу міндетті. Егер ережелер ескерілмесе, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», — деді Біртанов. 

Бұған қоса ол митинг ұйымдастырушыларға бұл ойларын кейінге шегеруін сұрады. 

«Қазір шеруге шығуға үгіттеп жатқандар қауіпті іс-шараға шақыруда деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені бұл жағдайда індет өршіп кетуі мүмкін. Сол себепті қазір митинг өткізуге қатаң тыйым саламыз», — деп қосты министр. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өткізілетін бейбіт митингтерді оңтайландыруға арналған заңға қол қойған болатын. Заң 6 мамырда күшіне енеді екен. 

 

stan.kz