Біртанов еліміздегі коронавирус ахуалы жайлы сөз қозғады – Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі коронавирус ахуалы бойынша сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Біртанов

«Өткен тәулікте 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 14,7 пайызды құрады. Оның ішінде ең үлкен сан Алматы қаласында – 106, өсім деңгейі – 64 пайыз, Қарағанды облысында – 12, өсім деңгейі – 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында – 9, өсім деңгейі – 3,6 пайыз болды», – дейді Біртнаов. .

Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың саны осымен 14 адамға жеткен. Он сегіз адамның халі мүшкіл көрінеді. 

«Жазылып шыққан науқастардың жалпы саны – 138 адам. Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық ем алып жатыр. Олардың ішінде 57 бала бар. Жағдайы тұрақты науқастардың саны 82 пайыз немесе 770 науқастың жағдайы жеңіл. Орташа деңгейде 151 науқас немесе 16 пайыз, ауыр деңгейде 18 науқас немесе 2 пайыз. Жасанды тыныс алу аппаратында 8 науқас жатыр. Жалпы реанимациядан 16 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте үш адам реанимициядан жалпы палатаға ауыстырылды», – деп қосты министр.


Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны екі миллионнан асты

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз