Біртанов: «Еліміздегі аймақтарда вирустың таралуы шарықтау шегіне енді ғана жетіп жатыр» — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан аймақтарында коронавирустың таралу шегі енді ғана басталады. Бұл туралы Елжан Біртанов Instagram-да тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Біртанов

«Әзірге қатаң шаралар мен карантин өткен екі ірі қала туралы айтасақ, қоғамдық орындарда вирустың таралу төмендегенін көреміз. Біз тек анықтаймыз және жасырын ошақтарды тіркейміз. Бірақ басқа аймақтар енді ғана вирустың таралу шегіне кіріп жатыр», — деді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, барлығы карантиндік шаралардың тиімділігіне байланысты болады.

«Қазір әрбір өңір, қала оқшауланған, әр адам белгілі бір дәрежеде ауыруы тиіс. Карантиндік шаралардың тиімділігінен науқастардың қаншалықты көп немесе аз болуын көруге болады», — деп атап өтті Елжан Біртанов.

stan.kz