бірнеше әйел алғысы келетін оқытушының мәлімдемесі желіні шулатты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ұлттық университет оқытушысы әйелдерді ұруға болады деген пікір айақпарат тексеріліп жатыр. Оның өзін «исламист, ұлтшыл, гомофоб, жидофоб» деп атағаны да қаншалыққа шындыққа жанасатыны анықталады

АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Еуразия ұлттық университетінде оқытушы Ерлан Сүлейменнің айтқан сөзінен кейін тексеру жүргізіледі.

Ер адам Facebook желісінде «әйелдерді ұрып-соғуға болады және солай істеу қажет» деп пікір қалдырған. Скриншоттарға қарасақ, ол «әйелдер тіпті өздерінің жүктілігін де зерттей алмады» деп санаған.

Оқытушының әйелдер жайлы пікірі

Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова Ерлан Сүлейменов екеуінің пікір алмасқан фотосын жариялады. Ол Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейтін оқытушының сексистік, ұлтшылдық және арандатушылық тудыратын пікір жазғанын айтты.

Бастапқыда бойжеткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында білім беру мәселелерін негізінен ер адамдар талқылағанын жазды. Ал оған Ерлан Сүлейменов бірден жауап берді.

«Әйелдер өмір бойы өз жүктілігін зерттей алмай келеді. Қанша лайық болса, соншасы қатысып отыр», – деді ол.

 

Өзін исламист деп атап, жақша ішіне «көп әйел алуды қолдаймын, әйелдерді ұрып-соғуға болады және кейде ұру да керек» деп жазды.

Осы жағдайды ЕҰУ Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне түсіндірді.

«Университет өз қызметінде кез келген түрде адамды кемсітуге мүлдем төзбейді. ЕҰУ Ерлан Сүлейменнің дінге және басқа да мәселелерге қатысты жеке пікірін қолдамайды», – деп жауап берді.

Аталған жағдай Еңбек кодексі аясында талқыланады, карантиндік шаралар алынып тасталған соң университетте ішкі тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп нақтылады оқу орны.

«Университет пен Ерлан Сүлеймен арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның еңбек заңнамасымен реттеледі. Барлық қызметкер оқытушылардың корпоративтік мәдениет кодексінің нормаларын сақтауға міндетті», – деп қосты университет.

Сонымен қатар оқу ордасы университетте нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшеліктерді насихаттау, милитаристік және халықаралық құқық пен гуманизм принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынғанын атап өтті.

Қазір университет оқытушылары, оның ішінде Ерлан Сүлеймен де қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылған.

ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD, қолданбалы химия институтының жетекшісі екені көрсетілген.

Қыздарды маркерге теңеді

2020 жылдың наурызында абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мектеп оқушыларын оқуға емес, бала тууға үндеді.
Дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген болатын. 

Абайтанушының айтқан сөзі мектеп оқушыларының ашуына тиді. Мектептің 11-сынып оқушысы Instagram желісінде пікірін жазып, оның бұл сөзімен келіспейтінін жеткізді. Мектеп әкімшілігі де оқушының позициясын қолдады.

«Қыз мұраты – кету» дегенді біз ұмыттық. Соның салдарынан қазір біздің қыздарымыз «менің мұратым – оқу» деп ұғады. Сол себепті қазір қазақтың қыздары оқу қуып, тұрмысқа шықпай жатыр. Соның кесірі біздің демографияға кері әсер етіп, халықтың саны өспей жатыр. Мен «ұлдың мұраты – елге қызмет ету, ал қыздың мұраты – ерге қызмет ету» деп айттым», – деп түсіндірді сөзін Омар Жәлел.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз