Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

28 наурызда қазақстандық Алматыдағы бокс кешіне қатысуы тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара өткізілмеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы Әли Балоев (9-0, 7 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады. 

Боксшы Алматыда жергілікті бапкер Қанат Әлтаевтың жетекшілігімен жаттығып жүр. Жаттығу кезінде түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Өткен жылы Әли Балоев жарақатына байланысты тек бір жекпе-жек өткізген болатын. Шілдеде төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, жерлес спортшы бразилиялық Хамилтон Вентураны (15-7-1, 13 КО) жеңген болатын. 

28 наурызда қазақстандық Алматыдағы бокс кешіне қатысуы тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара өткізілмеді.



sputniknews.kz