Бір миллион қазақстандыққа азық-түлік алу үшін ақша төленеді – Асқар Мамин

1

Төтенше жағдай кезінде бір миллион қазақстандыққа азық-түлік үшін ақша төленеді, деп мәлімдеді премьер-министр Асқар Мамин.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты жазды.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезіндегідей, азаматтардың жекелеген санаттарына (бұл – 1 миллионнан астам адам) азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беруді жалғастыруды,  осы жылғы үшінші тоқсанға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды қолда бар деректер негізінде (128 мыңға жуық отбасы) алдын ала жүргізуді, сондай-ақ мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген адамдардың (шамамен 30 мың адам) мүгедектігін үш айға автоматты түрде ұзартуды тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының  күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің,  жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», — деді А. Мамин.

Загрузка...

1 Пікір

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз