«Бір апта ауырды»: қазақстандық актер қайтыс болды

0

Актер пневмонияға шалдығып, дерт асқынған. Әріптестері кеше кешке ауруханаға жатқызылғанын хабарлады

Қазақстандық актер әрі Nomad Stunts тобының каскадері Мұрат Мұқашев қайтыс болды.

Мурат Мукашев
Мұрат Мұқашев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Суыт хабарды Nomad Stunts жетекшісі Жандарбек Күнғожинов пен актер Ерден Телемісов хабарлады.

«Бір апта ауырды. Соңғы үш күнде дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындады. Пневмония. Кеше кешке ауруханаға жеткізілді. Бүгін 7.10-да қайтыс болды», — деп жазды Ерден Телемісов Facebook парақшасында.

Мұрат Мұқашев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Nomad Stunts тобында каскадер болып қызмет кеткен. «Марко Поло», «МакМафия», «Всемогущий» сериалдарына түскен.

sputniknews.kz