«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» КТ коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға көмек көрсетті — Қазақстан жаңалықтары

0

«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» КТ коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға көмек көрсетті. Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларына 30 автомобиль берілді.

превью

«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» КТ коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға 30 автомобиль берді. Блокбекеттерді жабдықтау үшін 15 автомобиль Нұр-Сұлтан қаласына, 10 автомобиль Алматы қаласына берілді. Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына 5 автомобиль берілді. Автомобильдерді тиеп жөнелту және беру 25 наурызда болды. 

превью

— Күнделікті біз еліміздегі жаңалықтарды қадағалап отырмыз және таралып жатқан инфекция жұқтырған әрбір адамды уайымдаймыз. 
Нұрсұлтан Назарбаев отандастарға өзінің жолдауында «Осы күрделі уақытта ортақ істен ешкім тысқары қалмауы тиіс» — деп айтты. Елбасының бастамасын қолдай отырып, «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы әлеуметтік жауапты компания ретінде өз көмегін көрсетуге дайын. Біз бұл әрбір қазақстандықтың алдында тұрған біздің ортақ ісіміз, ортақ міндетіміз екенін түсінеміз. Компания басшылығы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға 30 автомобиль бөлуге шешім қабылдады. Одан басқа, компания берілген автомобильдерді ұстауға арналған барлық шығындарды жабады және республикадағы төтенше жағдай уақытына жүргізушілер береді. 

превью

Біздің еліміздің күші – бірлікте. Біз бір бірімізді қолдай және көмектесе отырып, осы кезеңнен өтуге қабілеттіміз. «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев: «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының атынан барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, күш пен төзімділік тілеймін», — деп тілек білдірді. 

Нұр-Сұлтан, Алматы, біз сіздермен біргеміз!

превью

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты компания қызметкерлер арасында бірқатар эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларын іске асырды. 

Атап айтсақ, клиенттерге қауіпсіз және ыңғайлы болуы мақсатында «БИПЭК АВТО» автомобильдерді онлайн-сату жүйесін енгізді. Енді автомобильді таңдаудан бастап төлеуге арналған құжаттарды алуға дейінгі барлық кезеңдер компанияның ресми сайтында қолжетімді. 
 

stan.kz