Бесінші қабаттан құлаған баланы жолаушы қағып алды

0

Қытайда жолаушы бесінші қабаттан құлаған екі жасар баланы құтқарды. Оқиға бейнекамераға түсіп қалған.

Ининь (Шынжаң ұйғыр автономиялық ауданы) қаласының тұрғыны сәбиді құтқарды, деп хабарлайды RT. Тоник Турганбек көлігін тұраққа қойған кезде балкондағы баланы көріп қалған. Бірер сәттен соң екі жасар сәби құлап кетті. Жолаушы бірден көмекке ұмтылған. 

«Мен оны қағып алдым. Бірақ одан кейін не болғанын білмеймін. Өйткені талып қалдым. Есімді жиған кезде полицейлер мен құтқарушылар болады», — дейді Турганбек.

Бала шошып кеткен. Ал оның құтқарушысы аздаған жарақат алды. Сәбидің үйде жалғыз болғаны белгілі болды.



sputniknews.kz