Белсенді Әсия Төлесова полиция қызметкерін ұрды: Оған екі бап бойынша айып тағылады – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы полициясы танымал қазақстандық белсенді Әсия Төлесованы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыптады, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

«Заңсыз митингіге қатысқан Төлесова кезекші полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды. Төлесованың заңсыз әрекеті дәлел ретінде тіркелген бейнежазбалармен құжатталған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы (билік өкіліне тіл тигізу) және 380-бабы (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ішкі істер министрлігінде.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, аталған баптар үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

«8 маусымда күдікті Төлесова Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Алматы полициясының тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

6 маусымда Алматыдағы митингілер кезінде ұсталғандардың қатарында «Шындықтан қашып құтылмайсың!» акциясына қатысушы Әсия Төлесова да болды. Кейіннен ол босатылғанын, тіпті оған хаттама толтырмағанын хабарлаған, алайда кешке қарай оны қайтадан ұстағаны белгілі болды. Бұл жолы да көп ұзамай босатылған. Сол күні желіде бірқатар блогерлер 11 секундты видеоны таратты. Онда Төлесованың полиция қызметкерін ұрғанын байқауға болады. 

Тағы бір белсенді Бейбарыс Толымбековтың анасы – Ләззат Толымбек аталған бейне-эпизодқа дейін Төлесова қарттарды арнайы көліктерге алып кетуге жол бермеуге тырысқанын, бірақ қауіпсіздік күштері оны жерге лақтырып жіберіп, тіпті тұруға көмектеспегенін айтты.

Төлесованы күдікті ретінде полицияға шақырғаны белгілі болды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз