Белгісіз ер адам павлодарлық әйелге шабуыл жасап, көлігін ұрламақ болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Белгісіз ер адам павлодарлық әйелдің көлігіне кіріп, оны пышақпен қорқытып, көлікті айдауды бұйырған. Оқиға күндіз Павлодар қаласының тұрғын аудандарының бірінде болды деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

37 жастағы жаппа шеккен әйелдің айтуынша, ол аялдама жанында тұрақтап, жұбайын күткен. Кенеттен көліктің есігі ашылып, қара медициналық маска киген бір адам артқы орындыққа отырған.
«Артқа бұрылып, оның көліктен шығуын бұйырдым. Ол «Үндемей, айда, мен қарулымын»-,деді. Жолда келе жатып орындықты артқа жылжыта бастадым. Мұны байқап қалып, жігіт: «Мен ештеңеден қорықпаймын, полиция мені іздеп жатыр» деді.
Бағдаршамға жеткенде әйеліне жұбайы хабарласқан. 

«Сол уақытта телефонды көтеріп, көліктің есігін ашып үлгердім. Жігіт жолаушы орындығына шығып, маған пышақ тақады. Оталдыру кілтін суырып алып, далаға қаша жөнелдім»,-деп есіне алады әйел. 

Ер адам жолаушы орындығына қарай өтіп, көлікті оталдыра алмай, ақырында көліктен шығып қаша жөнелген. 

«Көліктен шыға сала өзімді жайсыз сезіндім, көмек сұраған жүргізушілер маған есіктерін ашпады, көмек көрсеткен жоқ. Мен ессіз адам көрінген сияқтымын. Тапа тал түсте қалада адамға шабуыл жасау деген сұмдық қой»,-дейді әйел. 

Оқиғадан кейін әйел бірден полицияға барған.

«Қазіргі уақытта 25-30 жас аралығындағы еуропалық пішіндегі белгісіз жігіт іздеуде. Ол Honda Accord автокөлігін айдап кетпекші болған және 9000 теңге ақша ұрлап кеткен», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

stan.kz