Белгілі саясаттанушы Тоқаевты қандай екі атағы үшін бірегей адам деп атады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Евгений Бажанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевты бірегей адам ететін атақтары жайлы кеңінен әңгімелеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – Ресей сыртқы істер министрлігі дипломатия академиясының құрметті профессоры және құрметті докторы атағына ие жалғыз адам. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген эксклюзивті сұқбатында белгілі ресейлік дипломат, саясаттанушы Евгений Бажанов айтып берді.

Бажанов сұқбат барысында Тоқаевпен қырық жылдық достығы жайлы әңгімеледі.

1991 жылы Тоқаев Дипломатия академиясына басқарушы дипломатиялық кадрлардың біліктілігін арттыру курсына түседі. 2001 жылы сол жерде докторлық диссертациясын қорғап шыққан.

«Біз Қасым-Жомартты Дипломатия академиясының құрметті профессоры және құрметті докторы етіп таңдадық – ол екі атаққа бір мезгілде ие болған жалғыз адам. Ол редакциялық алқаның мүшесі, алқа құрамына кіру туралы өтінішімізді ешқашан жерге тастаған емес, барлық мақаланы оқиды», — дейді Бажанов.

Ресейлік дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзге шешен екенін атап өтті. Айтуынша, академия қабырғасында талай рет «шпаргалкасыз» сөз сөйлеген.

Ресей СІМ дипломатия академиясы – бүкіл әлемге танымал бірегей оқу-ғылыми орталығы. Жұмыс істеп тұрғанына 80 жылдан асқан. Тек Ресейде ғана емес, шет елдерде де беделге ие. Академияда көрнекті ғалымдар мен дипломаттар еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты

Бұған дейін Бажанов Тоқаевтың КСРО мен Қытай арасындағы салқындықты жойып, тараптардың татуласына қалай сеп болғанын айтып берген еді.



sputniknews.kz