Белгілі құқық қорғаушы Өтебековтің шағымына инфекционист дәрігер жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қабылдау бөліміне түскен сәтте Өтебеков бірден бейінді бөлімшеге орналастырылған және оны дәрігерлер мұқият тексерген

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Дәрігер коронавирус індетін жұқтырған құқық қорғаушы Өтебековтің шағымына жауап берді. Ол пациенттің кеуде қуысы ағзаларына шұғыл компьютерлік томография жүргізуге мәжбүрлейтіндей айғақтар болған жоқ деп мәлімдеді. Дәрігер бұл туралы «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Ол бізге провизорлық клиникада рентгенологиялық тексерулерден кейін түскен болатын. Қазірге кезде Өтебеков пен сол күні онымен бірге түскен басқа да пациенттерге компьютерлік томография жасалды», – деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының инфекционист дәрігері Тамара Утаганова.

Сондай-ақ, ол стационарға түскен әрбір науқастың температурасы мен артериальды қан қысымы және қанның оттегімен қанығуы мұқият тексерілетінін айтады.

«Оның маған айтқан деректері (анамнестикалық, обективті) мен дәрігердің жазбасы бір-біріне сәйкес келеді. Бұл дәрігердің тексеріс жүргізгенін дәлелдейді», – деді Утаганова.

Сонымен қатар, ол барлық медициналық қызметкерлер біркелкі жеке қорғаныс киімінде жүретіндігін де атап өтті.

«Әрине, біз науқастарға өзіміздің кім екенімізді айтып таныстырамыз. Бәлкім, ол дұрыс түсінбей қалған болар. Жохардың өтінішімен оған жеке пайдалану үшін термометр берілді», – деді Утаганова.

Өтебеков неге шағымданды

Жохар Өтебеков өзінің фейсбук парақшасында модульді аурухананың дәрігерлеріне қатысты пост жариялап, онда компьютерлік томографияның жасалмағыны туралы айтқан. Тіпті, дене қызуын өлшейтін термометрді де сұрап алуға тура келді деп мәлімдеген.

Арада екі сағат өткен соң Өтебековке компьютерлік томография жасалып, оның екі жақты пневмониясы анықталды. Дәрігерлер оған С дәрумені мен «Алувиа» антибиотигін тағайындады.

Оқи отырыңыз: Әйелі коронавирус жұқтырды – адвокат Өтебеков жазба жариялады

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Жохар Өтебеков пен оның әйелі және балаларының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз