Бекзат Саттархановтың інісін өлтіріп кетті

0

Бекзат Саттархановтың немере інісін өлтіріп кетті.

Түркістан облысындағы таэквандо федерациясының төрағасы, спорт шебері Егізбай Жанғалиді әлдекімдер соққыға жығып, соның салдарынан ер адам көз жұмды. Марқұм олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың немере бауыры деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Oinet.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, 32 жастағы таэквандо шеберін маусым айының ортасында Шымкент қаласында әлдекімдер аяусыз соққыға жығып, өлімше етіп сабаған.

Соның салдарынан олимпиада чемпионының інісі қайтыс болыпты. Жанғалидің әйелі Ләззат Құрбаниязова тергеу амалдарына көңілі толмайтынын ашық білдіріп отыр.

Оның сөзінше, сол күні кешкісін күйеуіне ұжымындағы жаттықтырушы тынымсыз хабарласып, туған күнін тойлауға шақырған.

Сағат төрттер шамасында қайтуға бет алған Жанғалиға әлдебіреулер тиісіп, соңы төбелеске ұласқан дейді жары. Жанжалдың ақыры күйеуінің өлімімен аяқталған. Сонымен қатар Ләззат Құрбаниязова Жанғалидың әріптесі үйіне келгенде қайғылы жағдайды басқа баяндап, сотта тергеушілердің көзінше мүлде басқаша айтып отырғанын түсінбейтінін жеткізді. Марқұмның артында үш баласы қалған. Оның әке шешесі жастайынан спортқа құмар Жанғалидің ғұмыры осымен аяқталғанына әлі де сене алмай отырғанын мәлімдеді.

Асқар тауының сөзінше, бұл істе шикілік бар. Жергілікті полиция қызметкерлері марқұмның аталған іскен көңілі толмаған туыстарының уәждерін тыңдап, істі қайта қарап, зерттеуге уәде етті.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз