Бекшин алматылықтарға жүгінді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының ,ас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індеті кезінде қалада митингілер өткізу туралы cөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол бір тәулік ішінде Алматыда коронавирустың 49 оқиғасы, ал бір апта ішінде — 334 оқиғасы анықталғанын еске салды. Оның айтуынша, пандемия ауқымы азай тұр.

«Осы орайда соңғы уақытта әлеуметтік желілерде таратылған жаппай шаралар мен митингілерге шақыруға жол берілмеуіне назар аударамын. Қалада жалғасып жатқан індет жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру өте жауапсыз әрекет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл осы жиналыс пен жақын байланыс азаматтардың жаппай қайта жұқтыруына әкеліп жатыр. Бұл көптеген қала мен елде болды. Митингтер мен бұқаралық жиындар адамдардың жаппай жұқтыруына жағдай жасайды. Егер осындай жиындар жұқтыруға әкелетін болса, онда митингтерді ұйымдастырушылар заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін», — деп уәде берді Жандарбек Бекшин.

«Сонымен қатар, ауқымды жұқтырудың нақты қаупін ескере отырып, тиісті қызметтермен адамдар көп жиналатын көшелер мен алаңдарды дезинфекциялауды күшейтуді талап етемін. Менің талаптарым мен ұйғарымдарым қаланың әрбір тұрғынының денсаулығы мен қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа байланысты», — деп түйіндеді ол.

 

stan.kz