Bek Air әуе кемелерінен ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Bek Air» АҚ әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын кері қайтарып алды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Bek Air компаниясының заңбұзушылықтары мен проблемалары аталды

Компания бұзушылықтарды жою туралы бұйрықты орындамағандықтан, оператордың сертификаты қайтарып алынды.

Сондай-ақ, Bek Air компаниясының барлық Fokker әуе кемесінің 9 ұшағынан жарамдылық сертификаттары кері қайтарылды.

Пайдаланушы сертификатын және жоғарыда көрсетілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын алу үшін әуекомпания қайта сертификаттаудың толық рәсімінен өтуі керек

Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас көлік прокуратурасымен бірлесіп әуекомпанияға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Әуекомпания авиациялық апаттарды жасырғаны, жалған сертификаттар мен ұшақтарға техникалық қызмет көрсету кезінде жалған құжаттар қолданғаны туралы хабарланды.

stan.kz