Баспана ала алмаған Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетіп қалды

0

Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды. Бұл туралы Азаттық радиосына адвокаты Айман Омарова хабарлады.

Айман Омарованың айтуынша Сайрагүл Сауытбай маусымының екісінен үшіне қараған түні Швецияға ұшып кеткен.

– Біз бұған дейін үшінші елден көмек сұрайтынымызды айтқан едік қой. Негізі БҰҰ сот өтпей ешқашан рұқсат етпейтін. Заңда да солай. Бірақ мен АҚШ-қа өтініш еттім. Біріккен ұлттар ұйымына барлық мән жайды жеткіздік. Ұйымның босқындар жөніндегі комиссарияты Сайрагүлге ерекше жағдай жасады, Швеция өздеріне қабылдайтынын айтып, келуге рұқсат берді, – деді адвокат.

Сайрагүл Сауытбай Швецияға отбасымен бірге кеткен.

Сайрагүл Сауытбай 2018 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты тамыз айында «Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды алты ай бас бостандығынан айыруға, бірақ оны «жазасын жеңілдететін ерекше жағдайына» байланысты шартты жазаға алмастыруға үкім еткен. Осылайша сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған.

Сайрагүл Сауытбайдың босқын мәртебесін беру туралы өтінішін Алматы облыс Полиция департаментінің жанынан құрылған «босқын мәртебесін беру» жөніндегі комиссия қарап, бас тартқан еді. Кейін Сайрагүл аталған комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап -арыз берді. Талап арыз-бойынша сот жалғасып жатыр.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз