Бас санитарлық дәрігер коронавирусқа сенбейтіндерге жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері коронавирусқа сенбейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау министрлігінде өткен онлайн брифингте айтқан болатын. Бас санитарлық дәрігер коронавирустың қаншалықты қауіпті екеніне халықты көзін жеткізуге тырысты. Әлемде тіркелген науқастар мен қайтыс болғандардың санын біле тұра вирусқа сенбеу мүмкін емес дейді ол.

«Бүгінгі таңда әлемнің 2015 елінде 6 миллионнан астам адам коронавирустық инфекциямен ауырып, оның ішінде 377 мың адам қайтыс болған. Осы жағдайға қарап, оған сенбеу мүмкін емес. Сондықтан профилактикалық шараларды қатаң сақтау қажет», — дейді Айжан Есмағанбетова.

Осылайша министр сақтық шараларын қатаң бақылап, санитарлық нормалардың орындалуын қадағалау керектігін жеткізді. 

stan.kz