Бас санитар дәрігер: 45 бала індетке шалдықты

0

Қазақстанда 604 адам коронавирус жұқтырды, олармен байланыста болған 17 342 адам анықталды. Үй карантиніне 10 383 адам орналастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған пациенттердің арасында 45 бала бар. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жалпы республикада коронавирус жұқтырған 45 бала тіркелді. Оның ішінде төртеуі ауруханадан шықты. Олардың жағдайы жеңіл», – деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

Бұған дейін ол елімізде 120 медицина қызметкері індетке шалдыққанын мәлімдеді.

Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырды 

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 604 науқас тіркелген.

«Олармен байланыста болған 17 342 адам анықталды. Оның 463-і елден кеткен, қалған 16 879 адам табылып, 6 175-і ауруханаға жатқызылды. Үй карантиніне 10 383 адам орналастырылды», – деді бас санитар дәрігер.

Айтуынша, бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз