Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қадағалаушы орган заңсыз митингілерге қатысатын азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы бір мірте ескертті

АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады.

«Жеке тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылдың 6 маусымында заңсыз бұқаралық митингке шығуға шақырып жатыр», – делінген хабарламада.

Жаңа белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін митингті ұйымдастыру және қатысу заңсыз болып саналады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі (тіпті 15 тәулікке қамауға дейін).

Егер бұл әрекет азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы – «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу» бойынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылыққа ермеуге және заңсыз бұқаралық акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу кезінде жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз», – деді қадағалау ведомствосы



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз