Барлық науқастар бірдей ауруды жұқтырмайды: Коронавируста супер таратушылар болады – Қазақстан жаңалықтары

0

2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында жаңа Covid-19 типтегі коронавирустың өршуі басталды. Аз ғана уақытта вирус елдің басқа да аймақтарына таралды. Індеттің жылдам таралуына не себеп? Супер таратушылар деген кімдер? Тарихта тағы қандай эпидемиялар болды және мамандар қандай кеңес береді? Осы жайлы  Stan.kz материалында.

Әрбір ірі індеттің өршуіне супер таратушылар, яғни қоршаған ортаның ерекше көп бөлігін зақымдайтын ауру жұқтырған адамдар ықпал етеді.

Әрине, олар мұны әдейі жасамайды, бірақ эпидемияны кеңейтуге елеулі үлес қосады.

Бұл жағдайдан Қытайдың Ухань қаласында пайда болған Covid-19 вирусты ауруы да тыс қалған жоқ.

Сингапурға барған британдық Стив Уолш бес британдыққа, бес французға және, Испанияның Мальорка аралының бір тұрғынына ауруды жұқтырған.

Супер таратушылар кімдер?

Қысқасы, олар өте көп. Бұл індеттің өсу динамикасына айтарлықтай әсер етеді.

2015 жылы Таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусынан (Mers) туындаған эпидемия кезінде бір науқас 82 адамға жұқтырған.

Ал Африкадағы эбола індеті кезінде көптеген жұқтырудың көзі (61%) ауырғандардың шағын тобы (3%) болды.

«2014 жылдың маусым айында бір ғана жерлеу рәсімінен кейін 100-ден астам адам инфекцияны жұқтырып алды, содан кейін олар басқа адамдарға жұқтыра бастады», – дейді Лондондағы Кингз-колледжінің докторы Натали Макдермотт.

Неліктен адамдар супер таратушыларға айналады?

«Өршудің ең басында, вирус адамдардың ең көп санын қамтуға тырысқан кезде, олар оның өсуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін», – деп түсіндіреді Джон Эдмундс.

Коронавирустарды қоса алғанда, жаңа инфекциялардың көзі – жануарлар.

Алғашқы адам жұқтырған кезде, басқа ешкімге жұқтырмай немесе адамдардың шағын тобына жұқтырып, сырқаттануы мүмкін, бірақ бұл індетке айналмайды.

Ал егер вирусты супер таратушы жұқтырса, онда ауру бірден күшейе түседі. Дәл сол нәрсе инфекция бұрын болмаған елдерге түскен кезде де болады.

«Егер бірнеше супер таратушылар бір-біріне жақын болса, өршуді басу өте қиын болады», – дейді Макдермотт.

Егер вирусты супер таратушылар жұқтырса, індетті қалай тоқтатуға болады?

Коронавирустардың супер таралуы ерекше нәрсе емес және аурулармен күрестің стандартты тәжірибесінен қатты ерекшеленетін қандай да бір радикалды шараларды талап етпейді.

Қазіргі уақытта біз жұқтырған адамдардың және олармен байланысқан адамдардың тез анықталуына тәуелдіміз.

«Сондықтан бұл ерекше назар аударуды қажет етеді – қателерге жол беруге, супер таратушыларды анықтамауға болмайды», – дейді профессор Вулхаус.

Бұл жағдайда супер таратушылардың кінәсі бар ма?

Тарихи тұрғыда аурудың супер таратушыларын демонизациялау үрдісі болған.

Ирландиялық аспазшы Мэри Маллон (1869-1938), «Іш сүзек – Мэри» деп танылған, байқаусызда АҚШ-тағы көптеген адамды іш сүзегін жұқтырған. Ол ауру белгілері болмаған кезде жұмыс істеуді жалғастырған. Нәтижесінде ол ондаған жыл қуғында немесе карантинде болды.

Шындығында, ауру адамда кінә жоқ. 

«Сөзге өте мұқият болу керек. Олар ешқандай жамандық жасаған жоқ. Олар да жұқтырды және бұл жерде олардың ешқандай кінәсі жоқ. Мүмкін, олар қорқып қалған шығар, оларға қамқорлық таныту керек», – дейді Натали Макдермотт.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз