Барар жерім жоқ: Ақтөбелік әйел 9 айлық баласымен вокзалда түнеп жүр (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0


«Мен, Шайжанова Динара, 1986 жылы өмірге келгенмін. Қазір 9 айлық қызым екеуміз вокзалда тұрып жатырмыз. Пәтерге төлейтін ақшам жоқ. Ата-анам бұрын қайтыс болған. Туыстарыммен араласпаймын», – деді келіншек.

Бұл туралы желі қолданушысы ekaterina5178 желіде жариялады. 

Оны желі қолданушылары қаладан көріп тұратынын айтып жатыр. 

«Мен оны аялдамадан көрдім. Вокзалға баратынын айтты. Аяғындағы аяқ киімінің үлкен екенін айтты. Мен кеткенде әлі де сол жерде тұрды. Ақшасы жоқ болған соң, автобусқа отыра алмады», – дейді желі қолданушысы. 

Көпшілік оған аналар үйіне баруға кеңес берді. Енді бірі көмек қолын созатынын айтып жатыр. 

«Балаға обал, қарны аш, киімі жоқ, тазалық сақталмайды», «Әкесі қайда екен, неге қарайласпайды екен?» – деп жазды пікір білдірушілер. 

 

 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз