Бақылау пункттері бір аптадан кейін алынып тасталады: Қазақстанға қозғалыс бостандығы қашан қайтарылады — Қазақстан жаңалықтары

0

СОVID-19 әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайына блок бекеттер қызметінің алгоритмі аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1. Блок бекеттер карантин аймағына кіру және шығу пункттерінде орнатылады.

2. Тартылған ведомстволардың басшылары блок бекеті қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс.

3. Тартылған ведомстволардың басшылары жұмыс кестесін бекітеді және блок бекетінің қызметкерлері үшін ыстық тамақтануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

4. Блок бекетінің қызметкерлері жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті.

5. Сұрау кезінде сұралатын адам мен блок бекеті қызметкерінің арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету қажет.

6. Блок бекетте орта медицина қызметкері басқа өңірден келген адамдарға сауалнама (қағазда) жүргізеді.

Сауалнаманы келген адамдар медицина қызметкері енгізу үшін сілтеме берген жағдайда мобильдік құрылғылар арқылы өз бетінше жүргізе алады.

7. Келген адамдар қағазда немесе мобильдік қосымша арқылы сауалнаманы толтыруға міндетті. Сауалнаманы толтырудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болады.

Қағазда сауалнама жүргізу кезінде блок бекеттің медицина қызметкері қағаз сауалнамалардағы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб қосымшасына (бұдан әрі – Веб қосымша) адам өңірге келгеннен кейін екі сағат ішінде енгізеді.

Мобильдік қосымшалар арқылы сауалнама жүргізу кезінде келген адамдар медицина қызметкеріне сауалнамадан сәтті өткені туралы мобилдік құрылғыдағы жазбаны көрсетуі қажет.

Өз кезегінде медицина қызметкері келген адамның электрондық форматта сауалнаманы толтырғанына және жібергеніне көз жеткізуі қажет. Сауалнаманы толтырғаннан кейін деректер Веб қосымшаға автоматты түрде жүктеледі.

8. ДСБ және АД мамандары келген адамдарды үй карантиніне орналастырған кезде олар жөнінегі ақпаратты Веб қосымшаға енгізеді.

Веб-қосымша келген адамдар жөніндегі мәліметтерді медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) береді.

9. ДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) шалу жүргізеді.

10. СОVID-19-ға күдікті (респираторлық белгілердің болуы (жөтел, температура (сұралушының сөзінен), ентігу) адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық анамнезінде СОVID-19 расталған жағдаймен байланысының болуы анықталған кезде 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет.

11. СОVID-19 жоққа шығармайтын симптоматикасы бар адамдар анықталған жағдайда орта медицина қызметкері карантиндік стационарға тасымалдау үшін жедел медициналық жәрдемді шақырады.

12. Жедел жәрдем машинасы келгенге дейін науқасқа медициналық маска беру және кемінде 1 метр қашықтықты сақтау қажет.

13. Карантин аймағына кіру жергілікті атқарушы органдар берген арнайы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады.

14. Автокөлік құралдарының жүргізушілері қозғалысты маршруттық параққа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

15. Блок бекеттеріндегі орта медицина қызметкері бір рет қолданылатын медициналық маскаларды, қолғаптар мен халаттарды пайдаланады. Маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағат сайын жүзеге асырылады.

stan.kz