«Байқоңыр» мерейтойы — ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

0

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңырдың мерейтойымен құттықтап, даму жоспарын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Союз-2» және «Союз-5» ракеталарын ұшыруға арналған старттық кешендер жаңғыртылады, деп хабарлады Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.

«Ғарыш бағдарламасында мақсатты ақты айқындау маңызды. Гагарин стартын («Союз-2″ ракетасы үшін) қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақында аяқталады», — деді ол.

Роскосмос өкілі «Байтерек» немесе «Назарбаев старты» жобасы маңызды екенін атап өтті. Бұл — «Зенит» ракетасына арналған кешенді қалпына келтіру жұмысы.

Сондай-ақ, «Зениттен» де қуатты «Союз-5» ракетасын жасау жоспарланып отыр. Ол орбитаға 17 тонна жүктеме шығара алады. Оның мақсаты — коммерциялық іске қосу қызметтерін қамту.

«Алдағы жылдары бұл кешендер жұмыс істей бастаған кезде Байқоңыр екі ел байланысын одан әрі нығайта түсетін факторға айналады», — деді Рогозин.

2 маусымда «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толып отыр.



sputniknews.kz